
2025 жылдың І жартыжылдығына арналған есеп беру кездесуі аясында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында ауылдық округ әкімі Ырысқали Жұманов баяндама жасап, соңғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді. Ол өз баяндамасында ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерді атап өтіп, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүзеге асқан жобаларға тоқталды.
Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті. Тұрғындар ауыл тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, жол жөндеу, ауыз су мәселесі, интернет байланысын жақсарту және ауылдағы санитариялық тазалықты жүйелі ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, халықпен кері байланыстың маңыздылығын еске салды.
«Біздің міндетіміз – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ол үшін халықтың ұсыныс-пікірін ескере отырып, әр ауылдың дамуына жағдай жасауымыз қажет», – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1012167?lang=kk

Жауап қалдыру