ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ «МАЛШЫЛАР КҮНІ» ТОЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде алғаш рет «Малшылар күні» мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Аталған шараға Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Мақтарал, Жетісай және Шардара аудандарынан келген мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері мен озат шаруалар қатысты. Жиын барысында үздік шаруалар марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Арман Тағаев пен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген агроқұрылым өкілдеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін және облыс әкімінің арнай алғыс хаттарын табыс етті.

Бұл игі бастама — ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін бағалау мен құрметтеудің жарқын көрінісі. Алдағы уақытта «Малшылар күні» мерекесі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, сала мамандарын ынталандырудың маңызды алаңына айналмақ.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1017406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді