ТҮРКІСТАН: ТІЛ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАРАЛАР ӨТІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹Биыл ұлы ақын Абайдың туғанына 180 жыл тол! Осыған орай елімізде түрлі жобалар қолға алынған. Түркістан облысындағы тіл орталықтарында да бұл бағытта іс-шаралар өткізіліп келеді.
 
🔹Мақтааралда жастардың рухани дамуына, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени іс-шара «Абай сөзі – жүрекке тағзым» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы ұйымдастырылды. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен де өтті.
 
🔹Мұндай іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік, адалдық пен сенімділік қасиеттерін қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылықты ояту, көркем сөйлеу мәдениетін дамыту.
 
🔹Сайыс үш кезең бойынша өтті. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу арқылы өз өнерлерін ортаға салып, сахнада шеберлік пен әсерлі орындау жағынан сынға түсті.
 
🔹Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға шығармашылық табыс, алдағы уақытта да өнер жолында биіктерді бағындыруларына тілектер айтылды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1016988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді