Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аймақ прокуроры Н.Әбдіровтың төрағалығымен облыстағы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімінің м.а. Н.Календеров, құқық қорғау және арнаулы органдардың, облыс әкімдігінің басқарма басшылары облыстық, қалалық мәслихат депутаттары да қатысты.

Күн тәртібі бойынша кәмелекте толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу және есірткі қылмыстарының жолын кесу, интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу жағдайы туралы т.б. атқарылған жұмыстар жайлы айтылып, өз тараптарынан қабылданған іс-шараларға  құзырлы органдардың басшылары тоқталып өтті.

Сондай-ақ, облыс көлемінде заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар туралы бейнероликтер көрсетілді. Бұдан бөлек, №45 қазақ классикалық гимназиясының жоғары сынып оқушылары жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытындағы дайындаған жобасымен таныстырды.

Қортындылай келе, өңірдегі заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленіп, нақты міндеттер қойылды. Жиын соңы марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taraz/press/news/details/1017217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді