
2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Тараз қаласында медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхаметов Асхат Тұрсынханұлы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетті. Аталған іс-шараға ZOOM платформасы арқылы Жамбыл облысының СЭБД аумақтық басқармаларының және Жамбыл облысының «ҰСО» филиалының мамандарының қатысуымен жүргізілді.
Бұл іс-шарада қоршаған ортаның химиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері қаралды:
– жобалау құжаттамаларында ұсынылатын тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуде;
– атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалауда;
– атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығының көрсеткіштері арасында себеп-салдарлық байланыстар орнатуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1017392?lang=kk
Жауап қалдыру