🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер күніне арналған #МеніңЕлімМеніңТуым акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенді жастары #МеніңЕлімМеніңТуым атты патриоттық акция өткізді.

✔️ Акция аясында шығыстық «Жастар Рухы» мүшелері қаламыздағы биік ғимараттарды қазақтың көк байрағымен безендіріп, ел рухын көтеретін ерекше атмосфера қалыптастырды.

🌐 Бүгінгі таңда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әр қазақтың жүрегіндегі мақтанышы, тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары. Бұл рәміздер – халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.

🗣 «Біз бұл бастаманы жастардың бойында елжандылық пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырдық. Мемлекеттік рәміздер – бұл тек белгілер емес, олар – біздің өткеніміз, бүгініміз және жарқын болашағымыз. Осындай акциялар арқылы біз жастарды елін, жерін құрметтеуге, Туға тағзым етуге баулимыз»,- дейді «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева.

▶️ Еліміз әрқашан аман, Туымыз биік, бірлігіміз бекем болсын! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1012092?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді