4 маусым Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы» деп атап өткен болатын. Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел топтасқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Гимн – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді және кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін де белгілейді. Сол себепті, Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым – тарихқа тағзым, оларға құрмет – елге құрмет. Тәуелсіз еліміздің Рәміздерін қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың асыл парызы.

Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппараты және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік Гимн орындалып, шара соңында “Рәміздер елдігімнің белгісі” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kokdonen/press/news/details/1011521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді