“Алматы облысы бойынша Мемлекеттік әлкуметтік сақтандыру қоры АҚ-ның филиалында профилактикалық бақылау жүргізілді.”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К. Естеуова, 29.10.2015 жылғы №375-IV Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-2 бабының 4 тармағы, 20.04.2023 жылғы №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабының негізінде Департамент Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толық аударуын сақталуына және әлеуметтік төлемдерді алушылар бойынша бірдей мәліметтердің «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйемен сәйкес келуіне профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге құқылы екенін түсіндірді.

Бұл тексерулер «Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақытылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақытылы және толық аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына» сәйкес жүргізілді.

Профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындысымен Кәсіпкерлік Кодексінің 144-2 бабына сәйкес ұйғарым енгізіледі. Ұйғарымның орындалуы бойынша осы Кодекстің 152 бабының 13 тармағына сәйкес Департаментке ұйғарымда көрсетілген мерзім ішінде тексерілген субъект жазбаша түрде анықталған бұзушылық жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1016741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді