АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 400-ДЕН АСТАМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есірткі індет, күресу – міндет! Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері 423 ауқымды профилактикалық іс-шара өткізіп, қоғамда есірткі қолдану мен таратудың жолын кесті.

Осы ақпараттық науқанға облыстың барлық аудандарынан 220-дан астам ерікті белсенді азаматтар атсалысты. Олар «Есірткісіз болашақ» идеясын белсене насихаттап, түрлі акцияларға қатысып, жасөспірімдермен кездесіп, түсіндіру материалдарын таратты.

Сондай-ақ, жыл басынан бері есірткі дүкендерін жарнамалайтын граффитилерді бояу бойынша 42 рейд ұйымдастырылып, тыйым салынған заттарды насихаттайтын 180 жазу жойылды. Сонымен қатар, халық арасында есірткіні жарнамалап, таратқаны үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы шараға жастарды тартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Облыс мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарында 20 000-нан астам студент пен оқушыны қамтыған 269 дәріс пен кездесу өтті. Соның аясында профилактикалық бейнероликтерді көрсетіп, флешмобтар мен ашық пікірталастармен ұйымдастырылды.

– Профилактика – бұл бір реттік шара емес, жүйелі әрі үздіксіз жүргізілетін жұмыс. Біз бұл бағыттағы қызметті тек рейдтер мен тексерістер арқылы емес, сонымен бірге қоғаммен ашық диалог құру арқылы жүргіземіз. Ең бастысы – жастардың санасына дер кезінде әсер ету, – деп Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері атап өтті.

Профилактикалық жұмыстар әлі де жалғасуда. Алда – жазғы маусым аясында сауықтыру лагерьлерінде, спорттық алаңдарда және жастар көп жиналатын орындарда бірнеше іс-шара өткізу жоспарлануда.

Алматы облысының полициясы әр азаматты бейжай қалдырмай, есірткіге қарсы тұруда белсенді болуға және салауатты, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1011888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді