
Алматы қаласындағы балалар колониясында «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылып, жасөспірімдар ата-ана, туған-туыстарымен қауышты.
ҚАЖД бастығының орынбасары Азамат Аманжолов мерекені құттықтау сөзбен ашып, жасөспірімдердің тезірек бостандыққа шығып, өздері қалаған мамандық иесі болуларына тілек білдірді.
Сонымен қатар мерекеге Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Қ. Малдыбаев және Алматы қаласы бойынша Ұлттық алдын-алу тетігінің қатысушысы С. Елькеев және Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы А. Жанабилова, наиб имам А.Қойшыбаев және ҚАЖ саласының ардагерлері қатысып, жазалы балаларға жарқын болашақ тіледі. Мереке күні Қарасай ауданы Райымбек ауылың «Дариға-ай дәурен» ардагерлер ұйымының ансамблі концерт қойса, әнші Ахан Еркебұлан ән шырқады. Балалар скрипкашы Шынар Барлықова орындаған сазды әуендер ырғағымен би билеп, мереке сәнін келтірді.
Жылында бір келетін Балаларды қорғау күнінде сотталған балалар түрлі ұйымдар тарапынан зор ықыласқа бөленді. Мысалы Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның Ардагерлер кеңесі №11 мекемеге кір жуатын машина мен 2 дана шаш алатын машинка сыйлады.
Ал Алматы қаласы бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жазалы балаларға волейбол, футбол, баскетбол доптары мен баскетбол торын, спорттық аяқ киімдер мен формалар тарту етіп, жасөспірімдерді қуанышқа кенелтті. Дін өкілдері балаларға арнап мерекелік дастархан жайып, олардың қуанышын еселей түсті.
Жазалы балаларға осындай қамқорлық көрсеткен ұйымдарға деген алғысымыз шексіз. Қандай қылмыс жасаса да баланың аты бала, олардың өмірдегі қателіктерін түзеуге ең басты ықпал ететін тәрбие, ол – ықылас. Ыстық ықыласқа бөленген балалардың есінде бұл күн ұзақ сақталары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1011489?lang=kk
Жауап қалдыру