
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1186 қаулысына сәйкес, мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылағандықтан Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған іс-шаралары өткізілді:
2025 жылдың 4 мамырында Департамент басшысының кеңсесінде, барлық қызметкерлердің қатысуымен – Салтанатты рәсімде Департамент қызметкерлерінің дайындаған қазақтың халық әндері, Мұқағалидің отан, жер туралы өлеңдері шырқалды.
Департамент қызметкерлерінің арасында – мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және тәрбиелеуге бағытталған дөңгелек үстел – семинары өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1011730?lang=kk
Жауап қалдыру