
Ауданымызда тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету бағытындағы шаралар нәтижелі іске асып келеді. Елдімекендерге табиғи газ жеткізілсе көптеген мәселелер шешімін табатыны белгілі.Осы ретте жүйелі жұмыстар жүргізіліп, аудан аумағындағы 57 елді мекеннің 36-сы табиғи газға қосылған болатын. Ендігі кезекте жеке тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарын жандандыру шаруалары атқарылуы тиіс.

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлының төрағалығымен және тиісті салалық бөлім, ауылдық округ әкімдері және газ тарту қызметін көрсететін мекемелердің қатысуымен мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында ауылдық округ әкімдеріне газ тартылмаған аумақтарды нақты зерделеп, оларды секторларға бөліп, іргеге дейін жеткен көгілдір отынды жекелеген үйлерге енгізу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1016893?lang=kk
Жауап қалдыру