
Ағымдағы жылдың 12 маусымында аудандық мәслихат төрағасы С.С.Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды. Оның негізгісі – «Мәслихаттың 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 139 «Алтынсарин ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және екінші мәселе «Алтынсарин ауданы мәслихатының сессиясын бекітуге 2025 жылға арналған жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы». Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді. Отырыс әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1016727?lang=kk
Жауап қалдыру