Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес мүшесі және тиісті бөлім басшылары қатысты.
 
Кездесу барысында тұрғындар жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын орнату, рұқсатсыз мал ұстау, ауыз су және үлескер мәселесі бойынша өз өтініштерін жеткізді.
 
Әрбір мәселе жеке қаралып, нақты түсініктемелер мен жауаптар берілді. Тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
 
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1011771?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді