
Балқаш қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға арналған жазғы жинақтау науқанының бірінші кезеңі 2025 жылғы маусым айының 03-нен бастап, екінші кезеңі тамыз айының 5-нен бастап кезең-кезеңімен бастау алады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына топтарды жасақтау балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Әр мектепке дейінгі ұйым өз инфрақұрылымына, дайындық деңгейіне және жергілікті ерекшеліктерге сәйкес жұмысты жоспарлы түрде іске асыруда.
Балқаш қаласында түрлі базалық санаттар бойынша топтар ашылып, олар белгіленген уақыт кестесіне сай біртіндеп жалпы кезекке енгізіліп отыр. Бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы, ашық әрі әділ тетік болуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Ақпараттық жүйелерді дайындау, мектепке дейінгі ұйымдарды бейімдеу, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізгі басымдықтар ретінде айқындалған.
Барлығы 1025 орынның ашылуы жоспарланып отыр. Оның ішінде маусым айында 244 орын, тамыз айында 781 орын. Барлық орындар бойынша «ed24.kz» қосымшасына хабарламалар келеді. Жолдамаларды алу толық автоматтандырылған, Индиго порталы арқылы жүзеге асырылады және таңертең 07.00-де жарияланады. Орындар ашылған кезде ең алдымен басым қолжетімділігі бар, яғни, кезек басындағы ата-аналарға көрінеді. Кейін үш жұмыс күннен кейін еркін қол жетімділікке шығады. Жеңілдіктері бар ата-аналар жолдама алғаннан кейін, жеңілдігін растау үшін Уалиханова 5, 2 қабат, 7 кабинетке келіп растауы қажет.
Балқаш қаласында барлығы 19 мектепке дейінгі ұйым бар: 14 мемлекеттік, 2 жекеменшік және 3 шағын орталық
Бірінші кезең:
Балалардың жасы: 2-3, 3-4, 5-6
Басымдық кезегі – 02 маусым
Жалпы кезек – 9 маусым (егер орындар қалса)
Екінші кезең:
Балалардың жасы: 1-2,2-3, 3-4, 5-6
Басымдық кезегі – 05 тамыз
Жалпы кезек – 8 тамыз (егер орындар қалса)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash/press/news/details/1017445?lang=kk
Жауап қалдыру