
2025 жылғы 4 маусымда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сапарғали Әкімбекұлы Әбдиев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Уәлиев және облыстық «Аймағамбетқажы Спанұлы» мешітінің имамы Азамат Серікбайұлы Мурзаканов «Өңірдегі діни ахуал және «Құрбан айт» діни мерекесіне дайындық мәселелері туралы» тақырыбындағы брифингке қатысты.
Брифинг барысында облыс аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері, сондай-ақ «Құрбан айт» мейрамына орай мәселелер қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1011713?lang=kk
Жауап қалдыру