БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жедел қызметкерлеріне арналған «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдыларын жетілдіру, іс қағаздарын сауатты әрі тиімді рәсімдеу талаптарымен таныстыру.

Семинарды Орталықтың әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Иманғазиева Алтынай Айсақызы жүргізді.

Семинар бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға Орталықтың инновация және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Кайыржанова Нұржауса Мутиғоллақызы салтанатты түрде сертификаттар табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1011580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді