
Комиссия мүшелері округке қарасты елді мекендерге барып, бірқатар өзекті мәселелермен танысты. Атап айтқанда, Зағамбар елді мекенінің ауыз сумен қамтамасыз етілуі, Ынтымақ елді мекенінде бой көтеріп жатқан 150 орындық жаңа мектептің құрылыс барысы және ауылдық округтегі көгалдандыру мен ағаштарды күтіп-баптау мәселелері қаралды.
Зерделеу барысында комиссия тарапынан тиісті сұрақтар қойылып, нақты ұсыныс-пікірлер айтылды. Сонымен қатар, бұл мәселе қосымша зерделеу қорытындысымен алдағы болатын тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісінде қаралатын болады.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1011593?lang=kk
Жауап қалдыру