
Астанада құтқарушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік әнұранды орындады.
4 маусым – Қазақстанда Ту, Елтаңба және Әнұранға арналған маңызды күн – Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Осы айтулы күнге орай елордалық құтқарушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін салтанатты түрде орындау шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында өтті. Оған басшылық құрам, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері және жас мамандар қатысты. Барлық қатысушылар Мемлекеттік Тудың астында сапқа тұрып, салтанатты түрде әнұранды орындады.
Мұндай іс-шаралар патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруға және азаматтық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Күн сайын азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғап жүрген құтқарушылар үшін бұл дәстүрлердің маңызы зор – олар Отанға адал қызмет етуді және Антқа беріктікті білдіреді.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана белгілер емес. Олар – біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің және Тәуелсіздігіміздің көрінісі. Бүгінгі шара – біздің біртұтас, елімізге, қызметімізге адал екеніміздің айқын дәлелі», – деді ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1011907?lang=kk
Жауап қалдыру