Flyboard пен автошеру: Қонаев халқы мерекені ерекше форматта атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Flyboard пен автошеру: Қонаев халқы мерекені ерекше форматта атап өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Қонаев қаласында кең көлемді мерекелік іс-шаралар өтті. Алматы облысының орталығында ұйымдастырылған думанды күн патриоттық рухты көтеріп, тұрғындарға жағымды көңіл-күй сыйлады.

Мереке орталық алаңнан басталған ретро-көліктер шеруімен ашылды. Мемлекеттік тулармен безендірілген көліктер қаланы аралап өтіп, №5 қалалық жағажайға дейін жетті.

Жағажайда өткен Flyboard шоуы күннің ерекше сәтіне айналды. Спортшылар су бетінде көк Туды желбіретіп, әуеде көз тартарлық трюктер жасады. Бұл көріністі 300-ден астам қала тұрғыны мен қонақтары тамашалады.

Іс-шара барысында қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тәуелсіздігіміздің символы, ұлт бірлігі мен рухын айшықтайтын маңызды күн. Мемлекеттік рәміздер – баршамыз үшін ортақ мақтаныш, болашақ ұрпақ үшін асыл мұра. Баршаңызға денсаулық, береке және игілік тілеймін», – деді әкім.

Қала тұрғындары ерекше форматта өткен шараларға жоғары баға берді.

«Flyboard шоуын алғаш рет көріп отырмыз. Керемет әсер алдық. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Осындай көріністер Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі», – деді Димаш есімді тұрғын.

Іс-шара мерекелік концертке ұласты.
___

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1011693?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді