Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту тұғыры орнатылған алаңда салтанатты жиын өтті. Шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік сезімін дарытуды мақсат етті.

Салтанатты жиын Мемлекеттік Туды көтеру рәсімімен басталды. Бұл мәртебелі міндет аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Қыстаубаев пен М. Әубәкіров атындағы орта мектептің белсенді оқушысы Аружан Ержанқызына табысталды. Көк туымыз желбіреген сәтте қатысушылар айрықша патриоттық рухты сезінді.

Жиын барысында округ әкімі Б. Сүлейменов, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Қ. Баяділов және Аналар кеңесінің төрайымы М. Шотамбекова сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігін нығайтудағы маңызына тоқталып, жиналған жұртшылыққа ізгі тілектерін білдірді.

Шара одан әрі оқушылардың орындауындағы патриоттық әндер мен әсерлі би қойылымдарымен жалғасты. Оқушылардың өнері жиынға ерекше сән беріп, көпшілік көңілінен шықты.

Іс-шара соңында қатысушылар естелікке топтық фотоға түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1011817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді