Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ардақты атыраулықтар!

Баршаңызды бүгінгі тәуелсіздік идеясын санамызда орнықтыратын – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Туымыз, әнұранымыз бен елтаңбамыз – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырамас атрибуттарының бірі.

1992 жылдың 4 маусым күні ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Атаулы күнтізбелік датада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұранының музыкалық редакциясы туралы тарихи заңдарға қол қойылды. Міне, сол уақыттан бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні елімізде кең көлемде атап өтіліп келеді.

Барлық жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Рәміздеріміз Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен берекеміздің символы бола берсін.

Елтаңбамыз айбынымызды асырып, көк Туымыз көкте қалықтап, Әнұранымыз рухымызды асқақтата бергей.

Осы бір ерекше мереке күні отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен ырыс, береке тілейміз!

Ізгі ниетпен, Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Серік Демегенов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-karzhy/press/news/details/1011922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді