Қазақстан және Словакия премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірлескен бизнес-форумға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Словакия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән береді. Біздің елдерімізде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жоғары білікті адами капиталды дамыту, сондай-ақ қолайлы географиялық жағдай салаларында көптеген ұқсастықтар бар. Мұның бәрі Қазақстан – Словакия қатынастарын одан әрі нығайтуға берік негіз болады», — деп баса айтты Олжас Бектенов.
«Екі мемлекеттің басшылары мен премьер-министрлер кездесулері – жобаларды жүзеге асырудың жұмылдырушы құрамдас бөлігі. Біз тауар айналымын арттыруға ғана емес, бірлескен өндіріс орындарын құруға да мүдделіміз», — деп атап өтті Роберт Фицо.
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $140 млн-ды құрады, осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі 46%-ға артты. Сауда құрылымын әртараптандыру және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер түрін одан әрі кеңейту шараларының маңыздылығы атап өтілді.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1749647106 сайтында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1016677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді