Қазақстанда «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет — Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады.
Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

📅 Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.
🌍 Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады.

🔸Қатысу шарттары:
Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POST-терминалдарда сауда жасаңыз;
Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;
Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз — бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды.

🏆Сыйлықтар:
Ай сайын — еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.
Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.

🎉 Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

📲 Amian қосымшасы — чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.
Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.
📌Маңызды:
Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: фискалдық чекті талап ету — бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.

Әрбір чекті — сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1011742?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді