
САЙРАМ: МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданда салтанатты іс-шара өтті. Орталық саябақта өткен жиынға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, құқық қорғау органдары, ардагерлер, жастар және тұрғындар қатысты. Мерекелік шара Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алып шығумен басталып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.
Іс-шара аясында аудан әкімі Арман Сабитов жиналған қауымды құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны екенін атап өтті.
– Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, болашағымызға деген сенімін білдіретін асыл құндылық. Рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Ауданымызда 39 этнос өкілі бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп, ел игілігі жолында еңбек етуде, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Мерекелік жиын барысында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады. Бұл күн аудан тұрғындары үшін елдік пен бірлікті дәріптейтін маңызды мереке ретінде кеңінен аталып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1011675?lang=kk
Жауап қалдыру