
Құрметті Қырым ауылының тұрғындары!
Бүгін – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – бұл тек белгілер ғана емес, бұл – халқымыздың жүрегіндегі мақтаныш, елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің көрінісі. Олар бізді бір ұлт, бір тағдыр аясында біріктіреді.
Осы мерекеде әрқайсымыз рәміздерімізге деген құрметімізді арттырып, оларды лайықты дәріптейік. Бұл – болашақ ұрпаққа берер өнегенің бастамасы.
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әрдайым еліміздің көк байрағы бейбіт аспанымызда желбірей берсін дегім келеді!
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-kyrym/press/news/details/1011526?lang=kk
Жауап қалдыру