Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті рудныйлықтар!

Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!

1992 жылғы 4 маусым – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны бекітілген күн – еліміздің тарихына мәңгілікке енді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуттары. Олар елдің тарихи мұрасын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын бейнелейді.

Бүгінде Қазақстанның Туы халықаралық ареналарда, Олимпиада жеңіс тұғырларында мақтанышпен желбірейді. Әнұранымыз отандастарымыздың жетістіктеріне орай шырқалып, өскелең ұрпақты Отанға адал қызмет етуге шабыттандырады. Елтаңба — халқымыздың бай тарихын, мәдени дәстүрлері мен жасампаздыққа ұмтылысын біріктіретін символ.

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, тарихи жадымызды сақтау және әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы — Отанымыздың одан әрі өркендеуі мен дамуының берік негізі боларына сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық пен игілік тілеймін! Көк туымыз бейбіт аспанда әрдайым желбірей берсін!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Рудный қаласының әкімі
В.Ионенко

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1011926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді