Соколов шахтасында оқу-жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы Рудный қаласында орналасқан Соколов шахтасында төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті.

Шараға Соколов – Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің қызметкерлері мен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірлесіп қатысты. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша шахтада шартты түрде апаттық жағдай орын алып, бірнеше жұмысшы жер астында қалып қойған. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Іс-шара барысында арнайы техниканың мүмкіндіктері, байланыс жүйесінің тұрақтылығы және жедел штаб жұмысы сыннан өткізілді. Сонымен қатар, шахта қызметкерлері мен ТЖД мамандарының өзара әрекеттесу деңгейі тексерілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық қатысушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, алдағы уақытта мұндай шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін атап өтті.

 

Қостанай облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1012044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді