
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының оқушылары «Мектеп орманшылары» жобасы аясында Ақтөбе су қоймасы маңындағы өздеріне бекітілген аумақта бұрын отырғызылған ағаштарға күтім жасап, суару жұмыстарын жүргізді.
Экологиялық тәрбиені басты назарда ұстанған бұл шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілігін, еңбекқорлығын қалыптастыруға бағытталған. Аталған жоба аясында балалар тек ағаш отырғызумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау бағытында түрлі танымдық және тәжірибелік іс-шараларға белсене қатысып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1011483?lang=kk
Жауап қалдыру