
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г.Тойлыбаева тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдауға бірінші болып келген Талдықорған қаласының тұрғындары Гаухар ана көшесі 101 және 101/1-де орналасқан жас натуралистер станциясының (ЖНС) нысаналы мақсатын өзгерту және оны бастауыш сынып оқушыларына мектептен тыс білім беру орталығын ашу мәселесі мен талай жылдар адал еңбек еткен азаматқа үй беру мәселелерін көтерді. Мәслихат төрағасы үй бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес берілетінін түсіндірді.
Аталған бірінші мәселе бойынша айтылған идеяларды әкімге, облысымыздағы қоғамдық кеңес белсенділеріне ұсыну арқылы шешім қабылдайтындықтарын жеткізді. Ол үшін алдағы уақытта арнайы жиын өткізілмек.
Келесі кезекте зағип жандар арасында сауаттылық деңгейін көтеру және әр жастағы зағип азаматтарға білім беру қажеттігін, әлеуметтік инклюзияны арттырып, олардың қоғамға аралсуы үшін кешкі мектеп ашу мәселесімен келген қала тұрғынын тыңдады.
«Инклюзивті білім беру үшін кешкі мектеп ашу – бұл білім беру жүйесінде маңызды және әлеуметтік тұрғыдан өте қажет бастама. Сол себепті білім басқармасына – білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықталған инклюзивті орта құру, инклюзивті білім беретін педагогтарды тарту, Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес инклюзивті білім беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныс бердім»,- деді мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева.
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер хаттама енгізіліп, шешімі табылғанша бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1016879?lang=kk
Жауап қалдыру