
Құрбан айт кезінде қауіпсіздік пен санитарлық талаптар бақылауда. Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру аясында аудандар мен қалаларда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылданды. Осыған сәйкес жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мал сату және сою орындары белгіленіп, тұрғындарға алдын ала хабар берілді. Сонымен қатар, сою пункттерінде санитарлық-ветеринарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Құрбандық шалу тәртібі туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратылуда. Облыс аумағында Құрбан айт мерекесіне орай 15 ресми мал сою пункті белгіленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1011798?lang=kk
Жауап қалдыру