
Орал политехникалық колледжінің базасында жұмысшы мамандықтар жылы аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда халықаралық және өңіраралық серіктестіктің білім беру сапасына әсері, студенттерге арналған цифрлық білім беру ресурстарының жаңа мүмкіндіктері мен тәсілдері, академиялық мобилділік және халықаралық тәжірибе алмасу арқылы жағдайды жақсарту жолдары талқыланды.
Іс-шараға Самара облысының «Строительно-энергетический колледж им. П.Мачнева» оқу орнының өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының колледж директорлары, директорлардың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасарлары, инженер-педагогтері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар халықаралық және өңірлік серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылап, білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәсілдерді ортаға салды. Сонымен қатар, колледждер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1004439?lang=kk
Жауап қалдыру