
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Қызылорда қаласында акция өтетін мекен-жай: Қазыбек би көшесі №21 А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйі.
Басталуы 2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00 Кіру тегін!
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1003952?lang=kk
Жауап қалдыру