
24 мамыр күні Қаныш Сәтбаев атындағы №9 мектепте 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау салтанаты өтті.
Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы қатысты. Ол өз сөзінде мектеп түлектерін өмірдің жаңа кезеңімен шын жүректен құттықтап, үлкен өмір жолында сәттілік пен табыс тіледі.
Іс-шара аясында оқушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, мектеп ұжымы мен түлектер өз өнерлерін көрсетті.
Соңғы қоңырау – мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге жолдама. Барлық түлектерге жарқын болашақ, биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1004668?lang=kk
Жауап қалдыру