30 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

‼️Көмектесу үшін бірігеміз‼️
🕘 30 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!
❓ Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
«Халық заңгері» – мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.
💼Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
📍 Акцияның өтетін орындары:
1. Ақтау қаласы – 34 ш/а, 9 ғимарат «Достық үйі»
2. Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы – «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі», Кендірлі ауылы, Жұлдыз ш/а, Жыңғылды көшесі, 200А ғимарат
3. Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы – “AMANAT” партиясы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжиев көшесі, 9 Г 
4. Қарақия ауданы Құрық ауылы- «Қарақия Аудандық Тарихи-өлкетану музейі» , 1 ш/а., 341 ғимарат
5. Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы – «Мәдениет үйі», Орталық көшесі, 42 ғимарат
6. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы – «Фариза Оңғарсынова атындағы мәдение үйі», 24 квартал, 10/5 ғимарат
7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы – «Мәдениет үйі», Нұрсұлтан Оңғалбайұлы көшесі, 53
Толығырақ: https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/
🛡️ Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!

Маңғыстау обылысы Әділет департаменті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1004500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді