
Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С. Сейфуллин, І,Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары болды. 1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.
ШҚО ТЖД қызметкерлері ШҚО мәдениет басқармасы Облыстық тарихи –өлкетану музейінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бөліміне барып әр-қайсысы өздерінше әсер алып шықты.
Қабырғаларға ілінген фотосуреттер, жеке істер, хаттар, куәліктер сол кездің ауыр сәтін еске түсірді. Құтқарушылар сезімдеріне бой алдырып, бір сәтке үнсіздікпен қалды. Бұл үнсіздік – жазықсыз қаза тапқан құрбандарға тағзым етудің ең шынайы көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1004895?lang=kk
Жауап қалдыру