
Аягөз ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің 10 сынып оқушыларына 2022 жылдың 3 тамызындағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш,негізгі орта, жалпы орта техникалық және кәсіптік ,орта білімнен кейінгі білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында 5 күндік дала жиыныны өткізілді.
Осы далалық оқу жаттығу жиынында әскери жетекшілерге қосымша, дене тәрбиесінің пән мұғалімдері қоса
жіберіліп, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Қауіпсіздік ережелері әр оқушыға жеткізіліп, таныстырылды.
Оқушылардың қауіпсіздігі және іс-шаралардың өткізілуі әр мектептің директорларына және әскери жетекшілеріне жүктелді. Әскери-далалық жиыны өтетін бару, қайту сапарында және жиынның өтілу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, атыс қаруларың материалдық бөлігінің сарамандық -тәжірибелі тұрғыда оқытылуына, жасөспірімдердің тактикалық саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды.Әскери казармаларды, асхананы, әскери техникалармен танысу тағы да басқа іс – шаралар өткізіліп,оқушылар практикалық түрде дәріс алды. Әскери полиция бөліміндегі кинологтар жұмысымен таныстырылды. 5 күндік дала жиыны 10810 және 97616 әскери бөлімдерінің базаларында және әскери полиция бөлімінде өткізілді. 5 – күндік оқу-жаттығу жиынын қадағалау білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаевқа және АҚҚІЖББ инспекторы А.Ахметоваға жүктелді.Дала жиынына жалпы 339 ер бала қатысты. 6 оқушы денсаулықтарына байланысты дала жиынынан босатылды.16 мамыр күні дала жиынының қорытындысы жасалды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Аягөз
#АПҚО_Абай_облысы_Аягөз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1004611?lang=kk
Жауап қалдыру