Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында аулалық футбол алаңдарын пайдалану мәселелері қаралды.

⠀Қалалық спорт бөлімі хабарлағандай, Павлодардың тегін пайдалануға берілген 17 аула футбол алаңында 87 әуесқой және 12 балалар командасы жаттығады.

⠀Жаттығу жасау үшін берілген өтінімдерге сәйкес ойындар кестесі жасалды: балалар командалары үшін жаттығулар арасындағы үзілістермен сағат 10.00 – ден 17.00-ге дейін, ал ересектер командалары: матчқа – бір жарым сағаттан: 19.00-ден 22.00-ге дейін ойнайды.

Ал жақын маңдағы үйлерде тұратын балалар үшін алаң: сағат 19.00-ге дейін беріледі.

⠀ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-2 (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) және 437 (тыныштықты бұзу) баптарына сәйкес ойын алаңдарын пайдалануға рұқсаттарды ресімдеу кезінде команда өкілдері жүріс-тұрыс қағидаларымен және жауапкершілік шараларымен танысуға міндетті.

⠀Әр алаңның жанындағы ақпараттық стендтерде ойындар кестесі және көрсетілген мақалалардан үзінділер орналастырылған. Егерде сағат 22:00-ден кейін тыныштық бұзылса тұрғындардың полицияға хабарласуына болады.

⠀Сондай-ақ, депутаттар электрлік сырғанақтар қозғалысының қауіпсіздігі мәселесін көтерді.

⠀Қала тұрғындары көбінесе қарапайым мәдениет ережелерін елемейді, бұл самокат жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де арасында жарақат алуына әкеледі.

⠀Самокат жүргізушілеріне рұқсат етілмеген жерлерде қозғалғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

⠀Электр скутерлердің рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан, ал тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру кезінде сағатына 6 шақырымнан аспайды. Өкінішке орай, бұл ережелер жиі бұзылады.

⠀Депутаттар осы өзекті екі мәселені де бақылауға алғанын және тұрақты рейдтер жүргізулеріне дайын екендіктерін жеткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1004121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді