АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ленгір қаласында тұратын қадірлі қария, ақ жаулықты, ақ баталы ардақты ана – Майдан Жатақбаева апамыздың туған күні ерекше ықыласпен аталып өтті.
Семей полигоны аумағында дүниеге келіп, елмен бірге ауыр жылдарды өткерген, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген Майдан апаның өмір жолы – нағыз тағылым мектебі.
Менің ұйымдастыруыммен “AMANAT” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында Төлеби аудандық мәслихаты аппараты және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері, жетінші шақырымдағы әріптесім Дина Хангельдиевамен бірге арнайы барып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар ұсынып, йығына ақ жаулық жауып апаға құрмет көрсетті.
Көркемөнерпаздар әннен шашу шашып, туған күн иесінің көңілін көтерді. Қуанышқа бөленген Майдан апа шынайы ықылас білдірген ел азаматтарына ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.
Ата-анаға көрсетілген құрмет – қоғамның рухани деңгейінің айнасы.
#АрдагерлердіАрдақтайық
#AMANATТөлеби
#ТөлебиМәслихат
#ҚарттардыҚұрметтеу
#ҰрпақПарызы
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді