Антына адал абзал жан Қаратал ауданында абыройлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам өміріне араша түсіп, талай жанның саулығы мен амандығы үшін тынымсыз еңбек ету – әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Осындай қасиетті де жауапты жолды таңдап, бар саналы ғұмырын медицина саласына арнаған жан – Ахметова Сауле Жансерікқызы.

Сауле Жансерікқызы 1966 жылдың 7 ақпанында Қаратал ауданына қарасты Ельтай ауылында дүниеге келген. Сол ауылда мектеп бітіріп, 1983 жылы Талдықорған қаласындағы медициналық училищеге түсіп, “Акушерлік ісі” мамандығы бойынша білім алады. Адам өмірінің бастауына дәнекер болатын осы мамандықты жүрек қалауымен таңдаған Сауле ханым 1987 жылы оқуын аяқтап, еңбек жолын бастайды.

Сол жылы-ақ Қаратал ауданының Ескелді би ауылына қоныс аударып, ауылдық емханада акушер болып қызметке кіріседі. Содан бері 38 жылдан астам уақыт бойы Сауле Жансерікқызы осы ауылда үздіксіз еңбек етіп келеді. Ана мен бала саулығына ерекше мән беріп, қаншама сәбидің аман-есен дүниеге келуіне себепкер болды. Жерлестері үшін ол — тек акушер емес, шынайы жанашыр, қолы шипалы абзал жан.

Сәуле Жансерікқызы саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнап келеді. Еңбегімен елге, кішіпейілдігімен көпке сыйлы маман. Оның кәсібіне деген адалдығы, науқастарға деген жанашырлығы – шын мәнінде дәрігерлік антына адалдықтың жарқын көрінісі.

Қаратал аудандық дәрігер ретінде ол тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, адами қасиеттерімен де ел құрметіне бөленіп келеді. Медицинадағы мол тәжірибесімен қатар, Сауле Жансерікқызы әріптестеріне ақыл-кеңесін аямайтын білікті маман, отбасында – ардақты ана, сүйікті жар.

Осындай жандар – елдің тірегі, халықтың сенімі. Сауле Жансерікқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасына амандық тілейміз. Қаратал ауданы сіздей антына адал абзал жанмен мақтанады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1003860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді