Апаттар медицинасы орталығы: төтенше жағдайлар мен автожолдардағы шұғыл көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайларға тап болған азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша маңызды міндеттерді белсенді түрде атқарып келеді. Орталықтың мамандары табиғи зілзалалар, техногендік апаттар және жол-көлік оқиғалары секілді әртүрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет етеді.

  2025 жылдың басынан бастап орталық филиалдарының бригадалары төтенше жағдайлар орындарына 3 464 рет шықты. 753 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 102-сі емдеу мекемелеріне жеткізілді.

  2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында көліктік медицинаны дамыту белсенді түрде қолға алынды. 2012–2014 жылдар аралығында республиканың қауіпті автожол учаскелерінде 41 трассалық медициналық-құтқару пункті кезең кезеңімен құрылып, бүгінгі күнге дейін тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл зардап шеккендерге оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне санитарлық көлікпен жеткізу мүмкіндігін едәуір арттырды.

  2025 жылы ТМҚП бригадалары 745 рет шығу жасап, 800 адамға медициналық көмек көрсетті, 493 адам ауруханаларға жатқызылды. Сонымен қатар қарлы борандар мен автокөлік бұзылған кезде трассаларда 11 адам құтқарылды.

  Апаттар медицинасы орталығы шұғыл медициналық көмекті көрсету тетіктерін жетілдіруді және кез келген күрделі жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін әрекет ету жылдамдығын арттыруды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді