Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті медициналық ұйым басшыларының, аумақтық санэпидбақылау басқармалары өкілдерінің қатысуымен штаб отырысын өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – халықты вакцинациямен қамту жағдайын талдау және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту бойынша алдағы шараларды айқындау болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жиын жұмыс тәртібінде өтті. Оны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин ашып, облыстағы вакцинация көрсеткіштері бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды.
Штаб мүшелері қамтудың төмен болу себептерін егжей-тегжейлі талқылады. Олардың қатарында халықтың кейбір топтарының ақпараттануының жеткіліксіздігі, діни және жеке сенімдерге байланысты екпеден бас тарту, шалғай елді мекендердегі екпе алу орындарының қолжетімсіздігі аталды.
Отырыс қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар мен санэпидқызмет құрылымдық бөлімшелері басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жоспарланған шаралардың орындалуын тұрақты түрде қадағалап, алдағы айларда жағдайға қайта талдау жүргізу көзделіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1005006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді