АРМАН САБИТОВ: “БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН БІРКЕЛКІ ДАМУ КЕРЕК”

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АРМАН САБИТОВ: “БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН БІРКЕЛКІ ДАМУ КЕРЕК”
Аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жұмыс жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар қатысты.
Жиында аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейсембаев Баймырза баяндама жасап, мемлекеттік сатып алу аясында жол жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Ол бірқатар жобаларда конкурс рәсімдерінің кешігуі мен құжат дайындау барысында кездескен мәселелерге тоқталды.
Аудан басшысы Арман Сабитов мемлекеттік сатып алулардың заң талаптарына сай, ашық әрі тиімді жүргізілуі керектігін атап өтті. “Барлық елді мекен біркелкі даму керек”, – деді әкім. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер үшін тиісті бөлімдерге қатаң ескерту беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1011208?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді