
Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай«Балдәурен» атты балалар арасында өнер фестивалі өтті. Фестиваль үш күнге созылып, жас өнерпаздардың мерекелік концертімен есте қалды.
Фестиваль аясында өңірдегі өнер орталықтарынан жиналған өнерпаздар қала тұрғындарына арналған әдемі концерттік бағдарлама ұсынды.
Айта кетейік,фестиваль мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру жобасы аясында, дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Бұл күн балалар үшін де, көрермендер үшін де шаттық пен қуанышқа толы, ұмытылмас сәттерге айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1011428?lang=kk
Жауап қалдыру