АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ»
АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауын (бұдан әрі – Байқау)ұйымдастыру және өткізу ережесі байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты–мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау.
3. Байқаудың міндеті –аудан аумағындағы заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.

2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4. «Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі »ММ (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме)Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
5. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдардың (аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
6. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамын мемлекеттік мекеме анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына кемінде үш адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам қайраткерлері, журналистер кіреді.
7. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
8. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

3. Байқауға қатысу тәртібі

9. Байқауға заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
10. Байқауға қатысушылар:
1) осы ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
11. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы:
– 17 маусымға дейін «Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ-не тапсырылуы қажет.
12. Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен материалдарды 2025 жылғы 17 маусымға дейін otdelkultury_sport.astr@mail.ru электронды поштасына немесе Астрахан а., Әл Фараби көшесі 50, мекенжайында орналасқан «Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі » ММ-не ұсынуы қажет.
4. Байқау қорытындысы туралы

13. Байқау жеңімпаздары арнайы диплом,сыйлықпен марапатталады.
14. Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және бөлімнің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
15. Аудандық байқауда І орынға ие болған жеңімпаз 2025 жылғы шілде айында өтетін «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқауына жолдама алады. Байланыс телефондары: 2 26 40; 2 30 49.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1004752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді