Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алға ауданында түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімдігі, білім бөлімі, полиция қызметкерлері және еріктілер тобы жұмылдырылды.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүру фактілері тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Мұндай алдын алу шаралары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты төмендетуге және олардың қауіпсіз ортасында өсуіне оң ықпал етеді.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1004818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді