Бірыңғай қабылдау күні: Ақтау қаласының әкімі бірнеше тұрғынды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Ақтау қаласында облыс әкімінің тапсырмасымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні аясында қала әкімі Әбілқайыр Байпақов бірнеше тұрғынды қабылдады.

Жеке қабылдауға келген азаматтар шаһар басшысына түрлі салаларда өз тілектерін білдірді. Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, жер мәселелеріне, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек пен сауда саласына қатысты болды.

Азаматтар айтқан кейбір проблемалық мәселелер қабылдау кезінде шешілді. Басқа ұсыныстар мен талаптар ескеріліп, олар бойынша шешімдер заң шеңберінде қабылданатын болады.

Көтерілген барлық мәселелер қала әкімінің тікелей бақылауында. Әбілқайыр Байпақов туындаған мәселелерді жедел шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер қойды.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1004243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді