Биылғы жылғы 26 мамыр күні қалалық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырысқа комиссия төрағасы М.Әбдіқалықов төрағалық етті.
Комиссия отырысының күн тәртібіне «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» мәселесі шығарылып, қаралды.
Мәселеге орай, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Тажмаханов хабарлама жасап, Қызылорда қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысында қаралған, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген көше атаулары туралы атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев: көше атауларын беру барысында жергілікті маңызы бар Сыр еліне кеңінен таралған тарихи атауларды ескеру туралы ұсыныс білдірді.
Заңнама бойынша тиісті шаралар қабылданғаннан кейін қала бойынша атауы жоқ Сол жағалау, Бәйтерек, Арай-шұғыла тұрғын аудандарындағы көшелер тарихи жер-су аттары мен Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлерінің есімдерімен аталатын болады.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, қала әкімінің орынбасары Б.Омаров қалалық мәслихат депутаттары, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1004802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді