БҚДА ДЕПАРАТМЕНТІ «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ЖӘНЕ «GAS QURYLYS» ЖШС ТАРАПЫНАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы бойынша БҚДА департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169 – бабы 3-тармағының 3) тармақшасында және 5) тармақшасында көзделген белгілер бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «GAS QURYLYS» ЖШС қатысты тергеп-тексеру жүргізді.

Тергеп-тексеру аясында тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйесіне қосу және монтаждау бойынша қызметтерді сатып алу кезінде бәсекелестікке қарсы келісімдер жасасуда көрсетілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Жасалған келісімдердің нәтижесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының бірыңғай жеткізушісі іс жүзінде «GAS QURYLYS» ЖШС болып айқындалды. Бұл бәсекелестікті шектеуге, атап айтқанда ұқсас қызметтер көрсететін нарық субъектілерінің құқықтарын шектеуге әкелді.  

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «GAS QURYLYS» ЖШС-нің әрекеттері тұтынушылардың «газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген табиғи газға қосылу кезінде мердігер ұйымды таңдау құқығын заңды түрде шектеуге әкелгені анықталды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Астана қаласы бойынша БҚДА департаментінің тергеу қорытындыларын заңды деп таныды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1011302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді