
Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл – еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген зор құрметтің белгісі.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің, бірлігіміздің нышаны. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Еліміздің рәміздеріне деген құрмет – отансүйгіштік пен ұлттық бірліктің негізі.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bulandy/press/news/details/1011251?lang=kk
Жауап қалдыру